Назарбаев университетінің қызметкерлері студент қыздарды зорлағаны туралы бейнеүндеу бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлауға қатысты, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсетуге қатысты бірнеше фактіні білетіні туралы айтты.
Бейнеүндеу Есіл ауданының Полиция басқармасында тіркелді. Полиция қызметкерлері қазір тексеру жүргізіп жатыр. Толығырақ кейін хабарлаймыз!», – делінген Рolisia.kz Telegram каналында.