Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Қарағандыда 13 жасар жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің ауласында жасөспірімнің денесі жатқан видео пайда болды . Бейнеде полиция қызметкерлері жылап жатқан әйелді ұстап, жұбатуда. Белгілі болғандай, 13 жастағы жасөспірім 9 қабатты үйдің төбесінен секірген. Әзірге қайғылы оқиғаның себебі белгісіз.
«Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Қарағанды қаласының Карбышев көшесінде биіктен құлап кеткен 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Жәбірленуші 9 қабатты үйдің төбесінен секіргені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.