Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтауда пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Ақтауда пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Көп ұзамай полицейлер кісі өліміне қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды paryz.kz

Ақтауда пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне 14 шағын аудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды.

28 жастағы күдікті көп ұзамай анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі “Кісі өлтіру” бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.