Рейс негізінде 3 сағат 45 минутқа ғана кешігуге тиіс еді.
Кеше Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшаққа найзағай түсуі салдарынан рейс 7 сағаттан аса уақытқа кешіктірілген. Бұл туралы бүгін Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы KS 855 рейсі 8 тамыз күні сағат 19:45-те ұшуы керек еді. Алайда алдыңғы рейс кезінде ұшаққа найзағай түсуіне байланысты әуе кемесі бұрын Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша FlyArystan KS 7058 рейсін орындаған компаниялар тобының резервтік ұшағына ауыстырылды, - делінген хабарламада.
Анықталғандай, рейс негізінде 3 сағат 45 минутқа ғана кешігуге тиіс еді. Алайда жолаушылар оны одан да ұзақ уақыт күтуге мәжбүр болған.
Алматыдағы шаңды дауылға, Нұр-Сұлтан әуежайының жабылуына және ұшақтың техникалық ақауына байланысты кешігу уақыты артты. КС 855 рейсі 7 сағат 15 минутқа кешікті. Жолаушылар сусындар мен тамақпен қамтамасыз етілді. Кейбірі басқа рейстерге ауыстырылды. Бизнес-класс жолаушыларына билеттерге 100 долларға ваучер беріледі, - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін де Air Astana әуе компаниясының рейстерінің кешігуіне байланысты жолаушылардан наразылық шағымдары түсіп, айыппұл салынған болатын.