Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Шымкентте екі жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Дәрігерлер қалалық балалар ауруханасына жеткізілген сәбидің жағдайы ауыр екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Фото: ашық дереккөзі

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін түскі екілер шамасында «Тұран» шағын ауданында болған. Бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлаған бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалған. Қазір ол ауруханада жатыр.

«Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды. Жыл басынан бері Шымкент қаласында балалардың терезеден құлау жағдайы 4 рет тіркеліп отыр. Барлық жағдайда балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған. Өткен жылы осындай есепті мерзім ішінде 7 оқиға болған еді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, елордада 3 жасар сәби көппәтерлі үйдің 5-қабатынан кіре берістегі шатырға құлап кетті. Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы агенттік тілшісіне сәбидің жағдайы бірқалыпты екендігін айтты.