Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қарағандылық әйелдің өліміне күдікті полицей тергеліп жатыр

Ол өлер алдында жазған хатында бұған полиция қызметкері Ерлан Намысовты кінәлаған. Одан үлкен сома қарызға алғанын және оны қайтара алмайтынын айтқан.

Қарағандылық әйелдің өліміне күдікті полицей тергеліп жатыр
фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өз-өзіне қол жұмсап, өліміне полиция қызметкерін айыптап, хат қалдырған марқұм әйелдің оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады paryz.kz.

Департаменттегілер 16 қараша күні Қарағанды қаласының Можайская көшесіндегі пәтерлердің бірінен зорлық белгілері жоқ 52 жастағы әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Суицидке итермелеу") бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар, соның ішінде өлер алдында жазылған хатқа байланысты соттық-қолтаңбаны айқындау сараптамасы тағайындалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеуді Қарағанды облысы ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қолға алған.

Сондай-ақ, олар марқұмға және оның әпкесіне қатысты алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс Қарағанды ПД өндірісінде екенін хабарлады. Оларға алданған бірнеше жәбірленуші бар. Тұрғындарға жалпы сомасы 130 миллион теңгеге жуық материалдық зиян келтірілген.

"Қазіргі уақытта Ерлан Думанұлы Намысовқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Оның қорытындылары бойынша тиісті шаралар қолданылады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін қарағандылық әйелдің өзін құрбандыққа шалғанын хабарлаған болатынбыз. Ол өлер алдында жазған хатында бұған полиция қызметкері Ерлан Намысовты кінәлаған. Одан үлкен сома қарызға алғанын және оны қайтара алмайтынын айтқан. Марқұм әйелдің хатындағы дерекке сүйенсек, Намысовтың тарапынан өзіне жасалған қоқан-лоққы екі жылға дейін созылыпты.