Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Ұлттық ұланның екі сарбазы асылып қалды

Бірі Степногорск қаласындағы автопарктің қоймасында асылып қалса, екіншісі Аға сержант Ақтаудағы үйінде дәретханада асылып тұрған жерінен табылған, деп хабарлайды Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.

Ұлттық ұланның екі сарбазы асылып қалды
Коллаж ЭК

Степногорск қаласында әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі 29 шілде күні сағат 21.00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған.

Автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер дәретханаға сұранып кеткен. Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Оразбайдың асылып тұрғанын көреді,

— деді баспасөз қызметі өкілдері.

Автопарктің кезекші қызметі Оразбайға жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен Степногорск Орталық қалалық ауруханасына жеткізген. Сол жерде Орталық қалалық ауруханасының дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын анықтаған.

Қатардағы Оразбай 1995 жылы туған, Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған.

Сондай-ақ 30 шілде күні сағат 05.15-те аға сержант Мерғалиев өз-өзіне қол жұмсаған.

Мән-жайды нақтылау кезінде жұбайының түнгі сағат 03.30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасынан (тұрғылықты мекенжайы: Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы, Балдырған көшесі 7) асылып тұрған күйінде тауып алғаны белгілі болды,

— дейді Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Арнайы комендатураның қарауыл бастығы аға сержант Мерғалиев Абылай Серікұлы 1990 жылы туған, үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бастап қызмет еткен.

Оқиғалардың мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.

Бұған дейін деАбай облысында бес баласы бар әскери қызметкер өзін-өзі атып өлтірген болатын.