Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

ҰҚК шекара қызметінің офицерінің өліміне себеп болған версия шықты

27 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданының орталық ауруханасында ҰҚК шекара қызметінің офицері Азат Үмбетұлы қайтыс болды. Бұл жөнінде 29 шілдеде ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Рaryz.kz  t.me/ongar_online сілтеме жасап.

ҰҚК шекара қызметінің офицерінің өліміне себеп болған версия шықты
ашық дерек көздерінен

"ҰҚК хабарламасында офицердің миына қан құйылып, қайтыс болғаны айтылады. Бірақ оған не себеп болғаны жазылмаған.

"Аталған факт бойынша Қазақстан ІІМ оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр" деп жазылған хабарламада.

Orda.kz сайты мен "ЭкспрессК" басылымдары офицердің өліміне застава басшысымен төбелес себеп болғанын жазды. Оқиға Өтеген батыр заставасында болған деп айтылады. Төбелес кезінде Азат Үмбетұлының басына қатты соққы тиіп, ауруханаға түскен. Артынша мерт болған. Куәгер сөзіне сүйенген "ЭкспрессК" жазуынша, мерт болған жігіт 1990 жылы туған, Шымкенттен келген.

Әзірге оқиға болған застава мен ҰҚК аталған ақпаратқа түсініктеме бермеді"- деп жазады t.me/ongar_online.