Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Түркістан облысында ер адам 6 жасар ұлын балталап өлтірген: Әйелі күйеуін жазаға тартпауды сұрады

Түркістан облысында 48 жастағы ер адам 6 жасар ұлын балталап өлтірген. Жаға ұстатарлық оқиға 4 наурызда болған, деп хабарлайды Рaryz.kz  stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысында ер адам 6 жасар ұлын балталап өлтірген: Әйелі күйеуін жазаға тартпауды сұрады
ашық дерек көздерінен

Анықталғандай, әкесі ұлын үйінің маңындағы орманға ағаш жинау үшін алып барған. 

"Айналада ешкімнің жоқ екенін пайдаланған ол ұлын бір рет балтамен ұрған. Кейн ағаштардың жанына алып барып, балтаның өктір жағымен желке тұсынан бірнеше рет ұрған", – делінген Түркістан облыстық сотының хабарламасында. 

Полицейлер баланың өлімі жайлы аудандық аурухана қызметкерлерінен білген. Қылмыс іс маусымның соңында сотқа жіберілген. 

"Сотта әкесі өз кінәсін толық мойындады және өкінетінін айтт. Ал әйелі күйеуін жазаға тартпауды сұрады, себебі төрт баласы өсіп келе жатыр", – деп қосты баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ер адам 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.