Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Алматы облысында браконьерлерден 13 қап киіктің мүйізі тәркіленді

25 шілде күні Алматы облысы ПД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында киік мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды қолға түсірді, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

Алматы облысында браконьерлерден 13 қап киіктің мүйізі тәркіленді
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Ұсталғандардың Қызылорда облысының тұрғыны екені анықталды.

"Жедел іздестіру жұмыстары барысында "Алматы-Бішкек" республикалық тас жолында солтүстікке қарай кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Көліктің ішінен 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды. Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша мемлекетке 360 млн теңге шығын келіп отыр",- деді Алматы облыстық ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған дерек бойынша күдіктілерге қатысты ҚК-тің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына қамалған олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүріп жатыр.