Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Бестөбе шахтасынан ер адамның мәйіті табылды

"Алтыналмас" акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметінше, Бестөбе ауылының тұрғыны алтын өндіру кенішінде жұмыс істемеген, деп жазады Рaryz.kz  ulysmedia.kz  сілтеме жасап.

Бестөбе шахтасынан ер адамның мәйіті табылды
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Іші жер асты суына толған, сондай-ақ желдету және басқа инженерлік жүйелері істен шыққан. Сондықтан шахтаға кіру адам өмірі үшін қауіпті.

Ер адамның денесі ұйықтауға арналған көрпе қаптан табылған. Оның сол Бестөбе ауылының тұрғыны екені белгілі болып отыр.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі шахтадан ер адам денесінің табылу дерегін растады. Сонымен бірге, бұл деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілгенін және осыған қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.