Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Нұр-Сұлтанда ер адам Жоғарғы соттың алдында өзін өртемек болды

Ер адамның мұндай қадамға баруына Түркістан облысы сотының ағасына қатысты әрекеті себеп болған деп жазады Рaryz.kz Sputnik.kz cілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ер адам Жоғарғы соттың алдында өзін өртемек болды
https://pixabay.com/ru/users/Pavlofox-514753/

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы сот ғимаратының алдында өзін өртеп жібермек болған ер адам қамауға алынды. Ол осылайша ағасына қатысты істің әділетсіз жүргізілуіне қарсылық білдірген. Оқиға 20 шілдеде болды.

" М. есімді азаматтың түсініктемесі бойынша, ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы", - деп нақтылады сот.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел әрекет етіп, төтенше жағдайдың алдын алды.

Кейінірек ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік өндіріс басталды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.-ді кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алған.

Қамауға алу түріндегі жазаны тағайындау кезінде сот ұсталған адамның мұндай әрекетке қасақана барғанын және қоғамдық тәртіпке теріс әсер еткенін ескерді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.