От таңғы сегіз жарым шамасында жұмысшылар шемішкені кептіруге кіріскенде тұтаныпты.
Ақтөбе облысында сұйық май шығаратын зауыт өртенді. От газ арқылы пісте кептіретін цехтан шыққан, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, күнбағыс майын шығаратын бұл зауыт Хромтау ауданына қарасты Жазық бекетінің маңында орналасқан.
От таңғы сегіз жарым шамасында жұмысшылар шемішкені кептіруге кіріскенде тұтаныпты. Дереу аудан орталығынан өрт сөндіру қызметінің қос техникасын шақыртқан. Олардың шамасы жетпеген соң жекеменшік компанияның да су шашатын көлігі тартылды. Цех аумағаның үлкендігіне байланысты бұдан өзге тағы 6 техника мен 26 өрт сөндіруші оларға көмекке келген.
Телеарна мәліметіне сүйенсек, қазір өрттің шығуына байланысты тексеру жүріп жатыр. Зауыттағы жұмысшылар аман зардап шекпеген.