Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қайдасың қару? Немесе, адвокат Бурхан Жансейітов қамауға алынды

Адвокат Бурхан Жансейітов құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтіріп, қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкеріне қол көтерген, деп жазады Рaryz.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Қайдасың қару? Немесе, адвокат Бурхан Жансейітов қамауға алынды
ашық дерек көздерінен

Кеше Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік басып алумен айналысқан адамдар тобына қатысты тергеу нәтижелерін жариялады. 12 шілдеде осы топтың мүддесін қорғаған адвокат Бурхан Жансейітов күдіктілерге жасырын бақылау жүргізілетіні туралы ақпарат алып, құқық қорғау органының қызметкерлеріне кедергі келтірген.

“Ол мақсатты түрде араңдату әрекетін ұйымдастырды. Б. Жансейітов жедел топтың қызметтік көлігіне тосқауыл болып, автокөліктің алдынғы дөңгелегін тесіп, терезесін сындырмақ болды. Ол мақсатты түрде қызметкерлермен жанжал туындатуға тырысты. Бурхан Жансейітов оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің талаптарына жауап бермеді, агрессия танытты. Сондай-ақ, ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкеріне қол көтерді.

Б. Жансейітов аталған оқиғаны тергеуге кедергі жасау және жалған қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды. Оның жасаған әрекеттері билік органдары мен қоғамдық тәртіпке қарама-қайшы деп танылып, Б. Жансейітов қамауға алынды”, - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Б. Жансейітов өзге де адвокаттарға олардың сыртынан құқық қорғау қызметкерлері андып жүргені туралы ақпарат таратқан. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

t.me/kozachkow  арансына назар аударсақ, адвокатты кеше Қаржылық мониторинг қызметкерлерінің ұстағаны, адвокаттың кейінірек қару қолдану арқылы бұзақылық жасау бойынша күдікке ілінгені хабарланған.

Осы тұста, Бурхан мен өзге де бір топ адвокаттардың әріптестері Лейла Рамазанованы аңдушылардан қорғауға қатысты даулы мәселеге байланысты ұсталғаны айтылған. Қазіргі кезде Жансейітов пышақпен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне шабуыл жасаған деседі...