Күдікті азаматқа қатысты соттың санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Алматыда жалған 800 мың долларды сату дерегі анықталды, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитеттің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 100 доллар номиналындағы жалпы сомасы 293 200 АҚШ долларын құрайтын 2 932 дана жалған шетел валютасын бірнеше рет сату фактісі бойынша Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сонымен қатар, ол жалған 600 мың АҚШ долларын сату үшін сақтаған.
"Күдікті азаматқа қатысты соттың санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - делінген хабарламада.