Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Түрмелерді басқарушы түрмеге түсті

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Пархат Исақбаев 2 айға қамалды деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.

Түрмелерді басқарушы түрмеге түсті
ашық дерек көздерінен

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Пархат Исақбаев "Пара алды" деген күдікке ілініп, сот санкциясымен екі айға қамалған.

- Исақбаевты ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік қызметі ұстады. Ол 4 шілдеде "пара алды" деген күдікке ілінген. Бірақ алған пара мен оның сомасы туралы дәлел көрсетілген жоқ, - деді Исақбаевтың адвокаты Талғат Есімов.