Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақтөбелік шаруа қожалығының иесі Өзбекстан азаматын құлдықта ұстаған

Дәл осындай факті Қостанай облысында да тіркеліп отыр. Шаруа қожалықтың иесі 21 жастағы жергілікті жігітті мәжбүрлеп, 2,5 жыл бойы мал бақтырған.

Ақтөбелік шаруа қожалығының иесі Өзбекстан азаматын құлдықта ұстаған
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығының басшысы 58 жастағы Өзбекстан азаматын бір жыл бойы құлдықта ұстап келген. Бұл жағдай Ішкі істер министрлігі жүргізген "Стоп-трафик" жедел-прафилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды, деп хабарлады paryz.kz.

Күдікті жәбірленушінің құжаттарын тартып алып, күш көрсеткен. Қазір аталған іс бойынша тергеп-тексеру амалдары басталып кетті. Айыпталушы уақытша ұстау абақтысына қамалған.

"Шаруа қожалығының басшысы анықталып, полицияға жеткізілді. Ол Өзбекстан азаматын ұрып-соғып, оған мал бақтырып қойған. Оны айдаладағы сарайда ұстапты. Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 128-бабы ("Адам саудасы" - ред.) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Камиль Ғалиев.

Дәл осындай факті Қостанай облысында да тіркеліп отыр. Шаруа қожалықтың иесі 21 жастағы жергілікті жігітті мәжбүрлеп, 2,5 жыл бойы мал бақтырған.

Сонымен бірге, өкілетті органдар 3 күн ішінде 65 қылмыстың бетін ашыпты. Оның ішінде адам саудасының 6 фактісі және 1 адамды заңсыз қамау дерегі әшкереленді.