Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

7 рет әлемдік рекорд жасаған марафоншы Марат Жыланбаев түрмеге қамалды

Алысқа жүгіруден 7 рет әлемдік рекорд жасаған желаяқ Марат Жыланбаев 10 шілдеде Facebook парақшасында өзінің қамалғанын хабарлады деп жазады Рaryz.kz  t.me/azattyq  сілтеме жасап. 

7 рет әлемдік рекорд жасаған марафоншы Марат Жыланбаев түрмеге қамалды
ашық дерек көздерінен

Гинесстің рекордтар кітабына енген марафоншының жексенбі күні түстен кейін пайда болған жазбасында "мені қамады" (меня арестовали) деген жалғыз сөйлем тұр.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина қолданушыларды оның телефонына хабарласып, қолдауға үндеді. Күндізгі сағат үш жарымдар шамасында марафоншының телефоны сөндірулі тұрды. Қысқа уақыт ішінде марафоншының жазбасының астында оны қолдаған ондаған пікір пайда болды.