Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Павлодарлық полицейлер ерікті тапқан мәйіттің кімдікі екенін анықтауы мүмкін

Павлодарда ерікті кездейсоқ жан түршігерлік жайтқа тап болды. Ол орман алқабындағы өзен жақтан адам мәйітінің қалдықтарын тауып алған. Сарапшылар басында батып кеткен адамның денесі деп ұйғарса, кейін бейіттің жағдайына қарап қинап өлтірілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне  сілтеме жасап.

Павлодарлық полицейлер ерікті тапқан мәйіттің кімдікі екенін анықтауы мүмкін
ашық дерек көздерінен

Іздеу тобының еріктісі Константин Чускаев кездейсоқ адамның қабіріне тап болғанын жеткізді. Айтуынша, оның хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруде көп жылдық тәжірибесі бар. Сол себептен де адам мен жануарлар сүйегін шатастырмай біле алатынын қоса кетті.

"Балық аулап, қайтып келе жатқанда шұңқырға көзім түсті. Сол шұңқырдың жанына өтіп бара жатып, адамның сүйектерін, яғни бас сүйегін, төменгі жақ сүйектерін көрдім. Жақындап қараған кезде қасында тағы сүйектер жатты",- деді “Vita” іздеу тобының мүшесі Константин Чускаев.

Деректерге сәйкес адам қалдықтары табылған шұңқыр өте жаңа, шөбі жоқ, арнайы тиегішпен қазып алғандай шекаралары нақты анықталған. Ал сүйектер адамның төменгі жақ сүйегіне ұқсайды. 

Сүйектер бөліктерге бөлінгендей бөлек жайғастырылған. Еріктілер қорқынышты жайтты полицейлерге хабарлаған. Бұл кімнің мәйіті екені табылған дененің тістері арқылы анықталуы мүмкін. Полиция істі тіркеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жыл басынан бері облыста жеті адам хабар-ошарсыз кеткен. Табылған қалдықтар өткен жылдардағы жерлеуден болуы мүмкін.