Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Болат Назарбаевтан жапа шеккенін айтқан кәсіпкер Әбдіғаппаров 7 жылға сотталды

Сот кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровты AV Construction ЖШС компаниясынан 840 млн теңге ұрлау ісі бойынша айыпты деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Болат Назарбаевтан жапа шеккенін айтқан кәсіпкер Әбдіғаппаров 7 жылға сотталды
ашық дерек көздерінен

Бұған дейінгі болған сот отырысында прокурор кәсіпкерге осындай мерзімге жаза қолдануды сұраған еді.

Мемлекеттік айыптаушы сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талап-арызын ескеріп, 400 млн теңге шығынды өтеуді сұрады.

Соттың сейсенбі күнгі шыққан шешімі бойынша кәсіпкер  жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады, сондай-ақ ЖШС пайдасына 418 млн 640 мың теңге өндіріп алу, мемлекетке қатысты 12 млн теңге өндіріп алу көзделген.

Алматылық танымал кәсіпкердің ұсталғаны туралы өткен жылдың 27 шілдесінде белгілі болды. Ол серіктестерімен бірге виллаларды сату кезінде 420 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген. 

Алматыда қамауға алынған танымал кәсіпкердің жақындары сот қаулысымен мүлдем келіспеген. Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі  Ольга Әбдіғаппарова тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінген.

Сондай-ақ Ольга Әбдіғаппарова күйеуінің Болат Назарбаевтан қысым көргенін айтқан. 

Әбдіғаппаровтың адвокаттары Esentai City жобасының құрылтайшылар кеңесінде болған Болат Назарбаевтың қызы Құндыз Назарбаева мен оның ұлынан да жауап алуды ұсынған.