Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Алакөлдегі алапат өрт: жеті адам азардап шегіп, бірнеше демалыс аймағы өртенді (видео)

Алакөл жағалауында орналасқан бірнеше демпалыс аймағы өртке оранды. Салдарынан 7 адам медициналық көмекке жүгінге, деп хабарлайды Рaryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Алакөлдегі алапат өрт: жеті адам азардап шегіп, бірнеше демалыс аймағы өртенді (видео)
ашық дерек көздерінен

"Шығыс Қазқстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері, жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлерінің көмегіменн жалын 5 шілдеде 05:40-та ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша өрт 3 000 шаршы метрді шарпыған. 4 демалыс аймағы зардап шекті. 7 адам медициналық көмекке жүгінді. Алғашқы көмек көрсетілді", – делінген ТЖД хабарламасында. 

Оқиға орнында 186 адам мен 29 бірлік техника жұмылдырылған. 

"Өрт сөндіруге 10 метр секундына жылдамдықпен соққан жел кедергі келтірді. Жалын ағаш үйлерге бірден тарады. Өрт сөндірушілердің жылдам әрекет етуінің арқасында өрт сөндірілді", – деп қосты департамент өкілдері. 

Қазір өрттің себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.