Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Елордада 18 жастағы бойжеткенге шабуыл жасалды

Тергеу жүргізу барысында күдіктінің бұрын екі әйелге шабуыл жасап, оқиға орнынан қашып кеткен тонаушыға ұқсайтыны анықталды.

Елордада 18 жастағы бойжеткенге шабуыл жасалды
фото: katun24.ru

Елордалық полиция қызметкерлері кешкі уақытта 18 жастағы қызға шабуыл жасаған 60 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады, деп хабарлады paryz.kz, қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға сағат 22.00-де болған. Белгісіз ер адам артынан жүгіріп келіп, жерге құлатпақшы болған және қолынан ұялы телефонын тартып алғысы келген. Көмек сұрап айғайлаған дауыс өтіп жатқан адамдардың назарын аударған. Қылмыскер қорыққанынан оқиға орнынан қашып кеткен. Тонау жасауға оқталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына тез арада барды. Жедел іздестіру барысында күдікті ұсталды. Жапа шеккен бойжеткен полицияға жеткізілген күдіктіні таныды. Тергеу жүргізу барысында күдіктінің бұрын екі әйелге шабуыл жасап, оқиға орнынан қашып кеткен тонаушыға ұқсайтыны анықталды.

Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, кешке жақын үйіне келе жатқанда белгісіз адам басынан бірнеше рет ұрып, қолынан ноутбугын, жеке заттары салынған сөмкесін, ұялы телефонын тартып алған. Содан соң белгісіз бағытқа қашып кеткен. Екінші жәбірленушінің айтуынша, үйіне қайтып келе жатқанда қарсы келе жатқан ер адам қасынан өтіп кетіп, кенеттен артқа бұрылып, ұялы телефонын тартып алған. Ұсталған адам Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Жасаған іс-әрекетін мойындады. Әйелдердің бірінің ноутбугын және жеке заттарын жерге көміп, тығып қойған. Ұсталған адам Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.