Үлкендердің қарауынсыз қалған ол иттердің қоршауына түседі.
15 қараша күні 17:00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөлімшесіне жедел жәрдем қызметкерлерінің тарапынан 6 жасар қыз баланың өлімі туралы хабар түсті. Бұл – қаладағы саяжай қауымдастықтарының бірінде болған оқиға, деп хабарлады paryz.kz.
Дәрігерлер баланың денесінен иттердің тістеген іздерін анықтаған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жетті. Полицейлер жазатайым көз жұмған баланың саяжай қауымдастығында ата-анасымен бірге тұрғанын анықтады. Үлкендердің қарауынсыз қалған ол иттердің қоршауына түседі.
"Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар бекітілді. Себеп-салдары анықталуда. Полицейлер ата-анасын жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатыр. Иттерді ұстау бойынша тиісті ветеринарлық қызметке мәлімдеме жіберілді", – делінген Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.