Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қызылордада алаяқ әйел ұсталды

Қызылордада 19 адамнан 20 миллион теңге алдап алған алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды Рaryz.kz «Хабар 24» сілтеме жасап.

Қызылордада алаяқ әйел ұсталды
ашық дерек көздерінен

Күдікті қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп уәде берген. Алайда арада жыл өтсе де ешкім баспана алмаған. Жәбірленушілердің ақшасын да қайтармаған. Алданып қалғандар полицияға арызданғаннан кейін 32 жастағы күдікті әйел ұсталды.

Әуелхан Құдайберген, Қызылорда ҚПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары:

 Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Соңғы кездері алаяқтық сарындағы оқиғалар тым жиілеп барады. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында 322 алаяқтық дерегі тіркелген.