Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Жезқазғанда жарық жоқ

Осыдан жарты сағат бұрын Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында электр қуаты өшті деп хабарлайды Рaryz.kz.

Жезқазғанда жарық жоқ
Жезқазған мыс қорыту зауытының көрінісі

Жылу-электр орталығында шыққан өрттің салдарынан осыдан жарты сағат бұрын қала бойынша электр қуаты өшкен. Қаланы қалыптастыратын кәсіпорын "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС қарасты мыс қорыту зауыты, Жезқазған байту фабрикасы тоқпен жұмыс істейтіндіктен, технологиялық процесті үзу - әжептәуір проблемаларға соқтыруы мүмкін.

Қазіргі кезде өрт шыққан ошақта ТЖҚ өрт сөндірушілері жұмыс істеуде.