Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

"Үстіне бензин құйып, өртеп жіберген": Иесіз қалған үйді паналаған адамның шырқыраған дауысы қостанайлықтардың үрейін ұшыруда

Қостанайда жанұшыра шыңғырған қаңғыбас адамның айқайы тұрғындардың үрейін ұшырды. Куәгерлер әлдекімдердің үйсіз-күйсіз азаматтың үстіне бензин құйып өртеп жібергенін айтады. Ал қостанайлықтардың шағымына тәртіп сақшылары да, жедел жәрдем қызметкерлері де назар аударар емес, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Үстіне бензин құйып, өртеп жіберген": Иесіз қалған үйді паналаған адамның шырқыраған дауысы қостанайлықтардың үрейін ұшыруда
ашық дерек көздерінен

"Толстой көшесі, 120 мекенжайы бойынша қараусыз қалған жеке үйді қаңғыбас адамдар мекен етеді. Олардың бірін әлдекімдер үстіне бензин шашып, өртеп жіберген сыңайлы. Күйік шалған азамат жан түршігерлік дауыс шығарып, әсіресе, түнде сол ауданның тұрғындарын үрейін ұшыруда. Жергілікті тұрғындар жедел жәрдем шақырған еді, алайда медицина қызметкерлері ауруды басатын дәрі салып кетіп қалады”, – дейді куәгерлер. 

Ал полицейлер болса, еріктілерді шақырыңдар деп тұрғындардың шағымына қолдарын бір сілтепті. 

"Осы үйге барған тұрғындар қаңғыбас азаматтың қиналып жатқанын өз көздерімен көріп қайтқан. Ол шыбын-шіркейге жем болып, тозаққа түскендей күй кешуде. Ол да адам ғой, бірнәрсе жасауға болмайтын ба еді?” – дейді қала тұрғыны. 

Қостанай облыстық ПД аталған жағдай бойынша пікір білдірді. Тәртіп сақшылары зардап шеккен азамат 3 мамырда ауруханаға жеткізіліп, 5 маусымға дейін емделіп шыққанын атап өтті. 

"Бұған дейін ер адам абайсыздығынан күйіп қалғанын, ешқандай шағымы жоқ екенін түсіндірді, бірақ полицейлер бұл фактіні тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта мәселені шешуге әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігерлер жұмылдырылған", - деді полицейлер.