Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Атырау облысында қойшыны айуандықпен өлтірген айыпталушы 10 жылға сотталды

Атырау облысында қойшыны айуандықпен өлтірген айыпталушы 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Рaryz.kz Kaztag.kz.сілтеме жасап.

Атырау облысында қойшыны айуандықпен өлтірген айыпталушы 10 жылға сотталды
ашық дерек көздерінен

1 маусымда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Құлсары қаласының 38 жастағы тұрғыны К.К.-ға үкім шығарылды. Ол Жылыой ауданындағы қыстақтардың бірінде жергілікті малшыны өлтірді деп айыпталды.
   Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 25 қаңтарында К., малын іздеп далаға шығып, жолда жергілікті бақташы мен оның көмекшісін кездестіріп, үшеуі спирттік ішімдік ішуге отырған. Қарым-қатынас барысында кикілжің туындап, Құлсарылық 60 жастағы шопанның қол-аяғын байлап, асхана пышағымен құрбандыққа шалынған қозыдай пышақтап, содан кейін қылмыс орнынан бой тасалаған.
   Шопанның көмекшісі аудандық полиция бөліміне жүгінді, ал полиция қызметкерлері күдіктіні қыстаудан 3 шақырым жерде "ізін суытпай" ұстады. Қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі ("кісі өлтіру") бойынша тергелді.