Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Нұр-Сұлтанда отбасылық жұп есірткі өткізумен және тасымалдаумен шұғылданған

Нұр-Сұлтан қаласында есірткі тасымалдау және өткізумен шұғылданған отбасылық жұп ұсталды, деп хабарлайды Рaryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда отбасылық жұп есірткі өткізумен және тасымалдаумен шұғылданған
ашық дерек көздерінен

  Жедел-іздеу шараларының нәтижесінде Петров көшесінде 50 жастағы астана тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде әйелдің сөмкесінен салмағы 400 грамм болатын "гашиш" пен "марихуана" есірткі заттары табылған. 

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде әйелдің 47 жастағы күйеуі ұсталды. Ол өз еркімен салмағы 1,5 келі болатын "гашиш" пен "марихуананы" тапсырған. Отбасылық жұп есірткіні самалдықта сақтаған. 

Сонымен қатар Боталы көшесінде де есірткі жеткізумен және өткізумен шұғылданған отбасы ұсталды. 25 жастағы ер адамның көлігін тінту кезінде "марихуана" табылған. Есірткі заттарының жалпы салмағы 11 келі.

Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу жүріп жатыр.