Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

БҚО-да 4 жасар баланы тоқ ұрып, екі қолынан айырылды

Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар баланы тоқ соғып, нәтижесінде бүлдіршін екі қолынан айырылды деп хабарлайды Paryz.kz  "Хабар24".kz сайтына сілтеме жасап. 

БҚО-да 4 жасар баланы тоқ ұрып, екі қолынан айырылды
ашық дерек көздерінен

 Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар баланы тоқ соғып, нәтижесінде бүлдіршін екі қолынан айырылды. Бала электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Облыстық ауруханаға жедел жеткізілген. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды. Зардап шеккен Аманжол Сисенғалиев отбасындағы 4 баланың кішісі. Қазір жағдайы орташа ауыр. Айығып шығуы үшін біраз уақыт керек дейді мамандар. Қазір еріктілер қор құрып, балаға протез алу үшін қаражат жинауға кірісті.

  Айта кету керек, аймақта электр тораптарының 83% әбден ескірген. Тозған желілер жиі үзіліп, адамға да, малға да қауіп төндіріп отыр. Ал тұрғындар сала мамандары салғырт деп ашынады. Оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 

Әсел Айтжанова, Жаңақазан ауылының тұрғыны:

 24 күні операция жасады ғой түнде. Содан 4 күн жатты реанимацияда. Содан 28 күні бері қарай шықты. Содан бері қасында отырамын. Түнде ұйықтамайды, бір жарымда түрып алады. Осылай жүрем, көтерем, арбаға салам, осы жыламасыншы деп. Ішкі құрылыстарына зақым келген деп айтты. Бірақ емдеп жатыр ғой, асқазандары не істеген сияқты. Тоқ өтіп кеткен ғой, бала ұстап алғанда бүкіл ауылдың жарығы өшіп қалған.   

 Асқар Ғайсин, Батыс Қазақстан облысы электр қуатын таратушы компаниясының бас инженері:

 Комиссия Жаңақала аудандық полиция бөлімі атынан құрылып отыр. Сол кісілер комиссия анық-қанығын талдап болғасын қосымша айтылады. Ол жерде плакаттар бар қауіпсіздік талабына сәйкес, бірақ енді балалар білмейді ғой тоқтың қандай әсері болатынын. Әрі қарай да мүмкіндігіміз болса, көмектесіп тұрамыз.