Атырауда қала маңындағы "Жұлдыз" шағын ауданында қайғылы оқиға 18 маусымда болған. Трактор үйдің алдынан ор қазып жатқанда су құбыры істен шыққан. Оны 32 және 22 жастағы екі көрші жөндемек болған, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Олар төмен түсіп, құбырды жөндей бастағанда, жер олардың үстіне опырылып, басып тастаған.
Олардың мәйіттері ордан шығарылды. Бірер күн бұрын екі отбасында жерлеу рәсімдері өтті.
“Маусымның 18-і күні "Жұлдыз" шағын ауданында үйдің жанынан шұңқыр қазу кезінде су құбыры істен шығып, екі ер адам жер астында қалып, қаза тапты. Тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.