Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Шымкентте аурухана ауласында тұрған газ баллоны жарылды

Оқыс оқиға 17 маусым күні сағат 13:00 шамасында облыстық клиникалық аурухананың ауласында болды.

Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

Шымкентте аурухана ауласында тұрған газ баллоны жарылды
Сурет: ашық дереккөз

Әл-Фараби ауданы, Майлы Қожа көшесі бойында орналасқан облыстық клиникалық ауруханасының ауласында ашық жерде көлемі 20 шаршы метр болатын бастырманың астында көмір қышқыл газ сақталған баллон жарылды. Абырой болғанда өрт шыққан жоқ.

Шымкент қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі

Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 21 қызметкері мен 5 техникасы жіберілді,

— делінген хабарламада.