Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Есіл өзенінен 12 жасар қыздың денесі шығарылды

Есіл өзенінде 12 жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz, Adyrna.kz-ке сілтеме жасап. 

Есіл өзенінен 12 жасар қыздың денесі шығарылды
Сурет: ашық дереккөз

«Кеше, сағат 19:39-да Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылының Silk Way демалыс аймағында қайғылы оқиға орын алды. 2010 жылы туған қыз ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кетті. Шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Қыздың денесі сағат 20:58-де табылып, шығарылды»,– деп жазды ведомство.