Павлодар қаласында аялдамалардың бірінен ер азаматтың денесі табылды деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адам № 18 мектеп маңындағы аялдамадан табылған. Марқұм 1955 жылы туған.
Дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адамның денесінде зорлық белгілері жоқ.