Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Елордада бала күтушісі үй иелерінен 3 мың доллар ұрлаған

«Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде үй иелерінен ақша ұрлады деген күдікпен күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Елордада бала күтушісі үй иелерінен 3 мың доллар ұрлаған
Сурет: Halyq-uni.kz

«Тергеу барысында 31 жастағы әйелдің аталған отбасына бала күтушісі болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол бір ай жұмыс істегеннен кейін шкафта жатқан ақшаны байқаған. Кейін иелерінің жоқтығын пайдаланып мезгіл-мезгілімен ұрлық жасаған. Жалпы алғанда, ол 3 мың доллар ұрлаған. Бала күтушісі тарапынан ешқандай шағым болмаған. Бірақ бір күні үй иесі ақшаның жоғалғанын байқап, тәртіп сақшыларына жүгінген», – дейді департамент.

Аталған фактіге байланысты қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның астана аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Сақшылар жұмыс берушілерге бөгде адамдарды жұмысқа қабылдамас бұрын олардың өткен өміріне қызығушылық танытуды, құжаттар көшірмелерін, ұсыныс хаттарды талап етуді, сондай-ақ қырағы болуды, құнды заттарды қараусыз қалдырмауды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады, – делінген ақпаратта.