Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"TikTok үшін": Ақтауда колледж студенті суға батып кетті

Ақтауда жас жігіт суға батып кетті. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 18 жастағы жігіт – Бейнеу ауданының тумасы, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап.

"TikTok үшін": Ақтауда колледж студенті суға батып кетті

Қайғылы оқиға бүгін сағат 16:20-да 15-ші шағын ауданда Самал-2 ықшамауданына қарама-қарсы жерде болды.

"Үш жас жігіт TikTok үшін қауіпті жерде видео түсіріп алған. Жігіттер пирстен суға секірген, олардың бірі шыға алмай, суға батып кеткені белгілі болды. Мәйітті екі сүңгуір мен 15 құтқарушы іздеп жатыр", –  деп хабарлайды Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Жас жігіт – Маңғыстау өнер колледжінің 1-курс студенті. 3Б шағын ауданындағы жатақханада тұрған.