Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Таразда зағип жаннан телефонын тартып алған ұры видеоға түсіп қалды

Таразда зағип жанның телефонын тартып алған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz, Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан саябақтардың бірінде отырған кезінде белгісіз адамның телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түскен. Күдікті саябақта отырған азаматтың көзі көрмейтіндігін байқап, оның қолындағы Redmi телефонын тартып алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 67 мың теңгені құрады.

Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің натижесінде, күдікті ізі суымай ұсталды. Оның облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақ зат иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-тармағымен (Тонау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.