Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атырауда әлем чемпионын атып өлтірген полицей бостандықта жүр

Қылмыс 3 ай бұрын болған. Ұлттық құрамаға кіруге дайындалып жүрген ұлынан бір түнде айырылған ата-анасы әлі ес жия алар емес.

Атырауда әлем чемпионын атып өлтірген полицей бостандықта жүр
фото: ашық дереккөз

Атырауда спортшының өліміне қатысты тергеу баяу жүріп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Грэпплин күресінен әлем чемпионы, 18 жастағы Есенбек Сиғуатовтың әкесі тергеудің ұзаққа созылуына күдіктілердің полицияда қызмет атқарғаны себеп болуы мүмкін деп отыр. Оның айтуынша, төбелесті ұйымдастырған адам әлі бостандықта жүр екен.

Қылмыс 3 ай бұрын болған. Ұлттық құрамаға кіруге дайындалып жүрген ұлынан бір түнде айырылған ата-анасы әлі ес жия алар емес.

Туған күнге кеткен ұлының денесін таңғы сағат 4 шамасында достары әкелген. Олардың айтуынша, спортшы ауылдастарын соққыға жыққандарға себебін білуге барған. Сол кезде қарсыластары сөзге келместен оларға оқ жаудырған. Күдікті ретінде полиция қызметкері қамалған.

"Күдіктінің біреуі қаруды жасырған. Екіншісі мылтықты атқан. Екеуі де водный полицияда жұмыс істегендер. Қару жасырған действующий сотрудник болып кетіп бара жатыр. "Атты" деген күдікті 2-3 күн бұрын шығып кетті деп бывший болып бара жатыр", – деді спортшының әкесі Тоқсанбай Оразғали.

Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Тағайындалған күрделі сараптамалар қорытындысы күтілуде. Іс бойынша тиісті сараптама қорытындысына сай шешім қабылданады", – дейді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.