Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

"Басын асфальтқа ұрған": 40 жастағы ер адам ойын алаңында баланы аяусыз соққыға жыққан

30 мамырда кешкі сағат 5-тер шамасында Қосшы қаласындағы 17 үйдің ойын алаңында 9 жастағы екі мектеп оқушысы шекісіп қалып, оған балалардың бірінің әкесі араласып, ұлын «ренжіткен» оқушыны аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

"Басын асфальтқа ұрған": 40 жастағы ер адам ойын алаңында баланы аяусыз соққыға жыққан
Сурет: ашық дереккөз

40 жастағы ер адам алдымен балаға жұдырық жұмсап, артынан оның басын асфальтқа ұра бастаған. Соның салдарынан баланың денесі көгеріп, тістері сынып, аузынан қан кеткен. Көзінің асты қатты көгеріп қалған.

Бастауыш сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққан ер адам әлі қамауға алынбаған.

«Баланы ұрып-соққан адамдарға өркениетті қоғамда орын жоқ. Бұл адамға қатысты барын қатаң шара қолданып, зардап шеккен баланың ем-домын толық өтеуі керек. Егер қазір шара қолданбаса, ертең кісі өлтіруді бастайды», - дейді тұрғындар Ішкі істер министрлігіне жүгініп.

30 мамыр күні Қосшы қаласының полиция бөліміне Юлий Манукян есімді тұрғын Марат Ақсабаев деген азаматтың үстінен (ұрып-соққан азамат) шағымданған. Шағымда айтылғандай, 2012 жылы туған балаға дене жарақатын салған.

Полиция бөлімі шағым бойынша сот-медициналық сарапта жасауды тапсырды.