Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

"Жол бермеген": Семейде жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты

30 мамыр күні сағат 12.30 шамасында "KIA" автокөлігі мен жедел жәрдем соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Жол бермеген": Семейде жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты
Сурет: Exk.kz

Шығыс Қазақстан облысы ПД-нің баспасөз қызметінің мәлімдеді.

Жеңіл көліктің 86 жастағы жүргізушісі Алтай көшесімен келе жатып Морозов көшесіне бұрылар кезде жедел жәрдемге жол бермеген.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан екі көліктің де жол шетіне шығып кеткенін көруге болады.

Жол апаты салдарынан төрт адам түрлі дене жарақаттарымен аураханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.