Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

"Буындырып өлтіріп, көмген": Қоқыста табылған қыздың анасы кінәсін мойындады

Алматы облысында кішкентай мүгедек қызды өлтіргендер қамауға алынды. Оқиға облыстағы Сарқанд қаласында болған.

Сарқанд қаласында туған шешесі мен оның ағасы бес жасар мүгедек қызды өлтіргендерін өздері мойындады, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.

"Буындырып өлтіріп, көмген": Қоқыста табылған қыздың анасы кінәсін мойындады

Естеріңізге сала кетейік, 17 мамыр күні Сарқанд қаласындағы қоқыс алаңыннан кішкентай бүлдіршіннің денесі табылған. Көп ұзамай полиция қызметкерлері Алматы облысының 19 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Қолға түскен әйел полицияны әуел баста қызы аурудан көз жұмды дегенге сендірмек болады. Ол сондай-ақ, қызы тумасынан сал ауруына шалдыққанын, ақыл-есінің кем екенін айтқан. Тергеу кезінде ол қызым ақпанда ауырып өлген соң 21 жастағы ағасына оның денесін беріп, ағасы мәйітті қала сыртындағы қоқыс алаңына апарып көмгенін айтқан.

Алайда, тергеу барысында полиция қызметкерлері әйелдің өтірік айтып отырғанын дәлелдеген. Осылайша, күдіктілер кішкентай қызды алдымен буындырып өлтіріп, артынан қаладағы карьерге көмгендерін мойындаған. Қазір Сарқанд ауданының соты келіншек пен оның ағасын қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.