Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

"Әкесіне апарып берген": Елордада жасөспірім бес миллион теңге ұрлап алған

Нұр-Сұлтан қаласында 12 жастағы бала қостанайлық азаматтың бес миллион теңге салынған сөмкесін ұрлап кеткен. Ақша толы сөмкені бала әкесіне апарып берген, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Әкесіне апарып берген": Елордада жасөспірім бес миллион теңге ұрлап алған

24 мамырда 14:15-те Қостанай облысының тұрғыны полицияға шағым түсіріп, қомақты қаржы салынған сөмкесінің ұрланғанын мәлімдеген. Сөзінше, астанаға көлік сатып алу үшін келген. Сол күні 14:00-де жеңіс көшесінде үйге барып, көлікті қарамақ болыпты. Көлік иесімен сөйлесу барысында кедергі жасамау үшін ер адам сөмкесін ағаштың бұтасына іліп қойған. 

"Осы сәтте өзбек ұлтының азаматтары үйлер маңындағы қоқысты жинап жүрген. Бейне бақылау камерасына солардың бірі, яғни жасөспірімнің 5 миллион 13 мың теңге салынған сөмкені алып кеткен сәті түсіп қалған", – делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Бір сағаттан кейін полицейлер ұрының жеке басын анықтаған. 12 жастағы бала үрланған сөмкені әкесіне берген. Қазір ұрлық дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Сөмке иесіне қайтарылды. Ал бала ювенальді полицияның бақылауына алынған.