Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Өскеменде өзеннен әйел адамның денесі табылды

Өскемендегі Ертіс өзенінен әйел адамның мәйіті табылды. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Өскеменде өзеннен әйел адамның денесі табылды

Ведомствоның мәліметінше, 12 мамыр күні Өскемен қаласының ПБ Үлбі полиция бөлімінің "102" желісіне Ертіс өзенінен "Восточник-3" бау-бақша серіктестігі ауданында адам денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті "Аталған факті белгіленген тәртіппен тіркелді.

Өлім себебін анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті. Ведомство өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайтынын да атап өтті.