Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Жамбыл облысында 5-сынып оқушысы өзінен кішілерді зорлаған

5-сынып оқушысының бір жыл бойы жыныстық зорлық жасап келгені анықталды.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Ақшолақ ауылының 10 жасар тұрғыны 6 және 8 жастағы мектеп оқушыларын бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында 5-сынып оқушысы өзінен кішілерді зорлаған

Оқиға 2021 жылдың қыркүйек айында болғаны белгілі болды.

Аудандық ауруханаға 6 және 8 жастағы кәмелетке толмаған балалар жеткізілген. Олар ешқандай жарақат көрсетпеген. Олардың ата-анасының арызы Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімі тіркелді», - деді полиция департаментінің өкілдері.

Зардап шеккен ұлдардың ата-анасы 5-сынып оқушысы балаларын бірнеше рет зорлағанын алға тартты. Ата-аналардың айтуынша, бесінші сынып оқушысы ақша берем деген желеумен балаларды қаңырап қалған ғимаратқа кіргізген.

Ашулы ата-аналар жергілікті билік болған жайтты басқа арнаға бұрып әлек екенін айтады. Ың-шыңсыз, у-шусыз шешіміне де көнген. Дегенмен, балалар оқитын мектеп директоры сексуалдық зорлық-зомбылық білім беру мекемесінің аумағында болмағанын айтты. Қазір балалармен психологтар жұмыс істейді.

Істі аудан әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы комиссия қарауда.