Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Екібастұзда әйел өз пәтерінен өлі күйінде табылды

Екібастұзда келіншек өз пәтерінен өлі күйінде табылды. 56 жастағы әйелі пәтер есігін ашпаған соң құтқарушыларға оның күйеуі хабарласқан, деп хабарлайды Paryz.kz, Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұзда әйел өз пәтерінен өлі күйінде табылды

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға бүгін, 11 мамыр күні болған.

"Бүгін 18:04-те "112" желісіне Екібастұз қаласы Бауыржан Момышұлы көшесі, 88 үйдегі пәтерлердің бірінде әйелдің есік ашпағаны, іште ешбір белгінің жоқ екені туралы хабарлама келіп түсті", - делінген хабарламада.

Құтқару қызметіне әйелдің күйеуі хабарласқан. Оның айтуынша, таңертең жұмысқа кетіп, кешке үйіне оралғанда пәтеріне кіре алмаған. Себебі, пәтер есігі ішкі жақтан жабылған.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, полиция қызметкерлерімен және күйеуімен бірлесе отырып пәтерді ашқан. 

"Мұнда құтқарушылар альпинистердің көмегімен үйдің төбесінен арқан арқылы 5-қабаттың балконына түсті. Ішке кіргенде пәтерден 1966 жылы дүниеге келген әйелдің жансыз денесі табылды", - делінген баспасөз хабарламада.