Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Жол жүру ережесін елемеген автобус жүргізушісі соңыра бағанаға соғылды

Астанада №28 бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы көше шамы орнатылған бағанға соғылды, деп хабарлайды Paryz.kz, Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол жүру ережесін елемеген автобус жүргізушісі соңыра бағанаға соғылды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, автобустың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамаған.

«7 мамырда Керей-Жәнібек хандар мен Ақмешіт көшесінің қиылысында автобустың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамастан қиылысты кесіп өтіп, көше шамының бағанына соғылған», – деді полицей.

Зардап шеккендер жоқ. Автобус жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды.