2022 жылғы 7 мамырға қараған түніе белгісіз адамдар тобының тәртіп сақшыларына күш қолданғаны туралы хабарлама түсті, деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаменті, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап.
«Патрульдік полицейлердің Шу қаласы вокзал маңы алаңының жанында алдыңғы мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ-21014 маркалы автокөлігін тоқтатқаны анықталды. Мән-жайды анықтау барысында көлік жүргізушісі мен жолаушысы тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен», – дейді ведомство.
Департамент мәліметінше, аталған дерек бойынша Шу аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігімен (билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заңға қайшы әрекеттердің барлық қатысушысы анықталды. Олармен жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Билік өкілдеріне күш қолданған белсенділер ҚР ҚПК 128-131-бабы тәртібінде ұсталды.
Шымкентте жемқор полицей қарамағындағы қызметкерлерді «қанаған». «Алматылық тәртіп сақшылары азаптаған» өзбек азаматы Тоқаевқа үндеу жолдады Өзбек азаматын «азаптаған» алматылық полиция қызметкеріне қатысты іс қозғалды.