Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Түркістан облысында жанармай құю станциясында екі адам уланып қалды

Түркістан облысының өрт сөндірушілері жанар-жағармай сақтауға арналған жертөледегі екі азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

Түркістан облысында жанармай құю станциясында екі адам уланып қалды
Сурет: ашық дереккөз

7 мамырда "112" қызметіне шұғыл хабар түскен

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округінде Алматы-Термез автожолының 757-шақырымында "Жанойл" жанармай құю станциясында екі адам зардап шеккен.

Стансаның жанар-жағармай материалдары цистернасын сақтауға арналған жертөлесінде 1959 және 1987 жылы туған екі жұмысшы тазарту жұмысын жүргізіп жатқанда мұнай өнімінің буынан уланғаны анықталды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер 3 техника полиция департаментінен 5 қызметкер бір техника жетті.

Олар зардап шеккен екі азамтты құтқарып жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда уланған екі азамат дәрігерлердің бақылауында.