Жұмыстан келген отағасы үйіне кіре алмапты. Жабық тұрған есікті қиратып ішке енгенде, 3 баласы мен келіншегінің өлі денесін көрген...
Павлодарда бір отбасының 4 бірдей адамы жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Оқиға тапа тал түсте болған, деп хабарлады paryz.kz.
Жұмыстан келген отағасы үйіне кіре алмапты. Жабық тұрған есікті қиратып ішке енгенде, 3 баласы мен келіншегінің өлі денесін көрген. Бүгінде полиция пәтерде тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, марқұмдардың денесінен зорлық белгілері анықталмаған.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама жасалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп мәлімдеді облыстық ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.