Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

"Екеуі бала": Ақмола облысында өрттен төрт адам көз жұмды

Ақмола облыстық ТЖД 5 мамыр күні сағат 03.54-те Ақмола облысы Красный Яр ауылындағы екі қабаттың үйдің біріндегі пәтерден өрт шығып, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Екеуі бала": Ақмола облысында өрттен төрт адам көз жұмды
Сурет: Nur.kz

Олардың екеуі бала. Оқиға орнына шұғыл түрде Садовое ауылының және Көкшетау қаласының өрт сөндіру қызметінің мамандары келген. Олардың алғашқысы хабар келіп түскен соң үш минуттан соң оқиға орнында болған. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар келгенше 1964 жылы туған әйел мен оның 2015 жылы туған немересі терезе арқылы өз бетімен пәтерден шығып үлгерген.

"Өртті сөндіру барысында екі ересек адамның: 1991 жылы туған ер және 1993 жылы туған әйел адамның, сондай-ақ екі баланың денесі табылды", - дейді ведомстводан.

Өрт ауданы 50 шаршы метр болатын пәтерден шыққан. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымдарындағы ақау себеп болуы мүмкін. Тілсіз жау 04:50-де ауыздықталған. Өртті сөндіруге 13 қызметкер мен үш техника жұмылдырылған. Қазіргі кезде оқиға орнында өртке қарсы зерттеу зертханасы жұмыс істеуде. Сондай -ақ облыстық ТЖД қайғылы оқиғадан бір күн бұрын үйдегі электр сымдарының ауыстырылғанын анықтаған. Ведомство әжесі мен немересінің шеткі бөлмеде болғанын, ал ерлі-зайыптылар егіз балаларымен бірге электр сымдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілген жерге жақын орында болғанын атап өтті.