Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

5-ші қаңтар күні Lexus-пен қару таратқан күдіктілер ұсталды

Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасында Lexus көлігімен қару таратқан 3 күдікті туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

5-ші қаңтар күні Lexus-пен қару таратқан күдіктілер ұсталды

Алматы қаласында 6 қаңтарда "Көктөбе" телемұнарасының ғимаратын басып алуға оқталған бұл оқиғалардың басқа қатысушысы анықталды.

Стратегиялық нысанды басып алудың негізгі мақсаты - жалған ақпарат тарату арқылы азаматтардың көшеге шығуын үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналардың жұмысын бақылау болған. Құқықтық тәртіп күштері стратегиялық нысанды басып алуға жол бермеді. Күдікті адам соттың санкциясымен қамауда", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. Сондай-ақ ол Алматыдағы "Анна" қару-жарақ дүкенін тонады деп күдікке ілнген 3 азамат туралы мәлімет берді.

"Олар 5 қаңтарда Lexus маркалы автокөлікпен Алматы қаласы "Республика" алаңының алдына ұрланған қаруларды таратқан. Бас прокуратура фейк ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы бірнеше рет ескертті. Ақмола облысында осындай істердің бірі бойынша 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындау туралы үкім шығарылды", - деді Елдос Қилымжанов.